ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЖЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласында бүгін сағат 06:00-ден бастап қала аумағындағы барлық жылу қазандықтары іске қосылды.
Қазіргі таңда облыс орталығында жалпы 40 579 абонент бар. «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тарапынан қаладағы І мөлтекауданда көпқабатты — 58 үй, ІІ мөлтекауданда — 15 үй, ТГЖД аумағында — 2 үй орталық жылу энергиясымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Отырар мөлтекауданында — 38, әкімшілік іскер орталығында — 14, жалпы 127 көпқабатты тұрғын үйл орталық жылумен қамтылған. Бұдан бөлек, І мөлтекаудандағы 28 бюджеттік, 55 кәсіпкерлік заңды тұлғаларға, 52 жер телімді тұрғын үйлер мен Мәдени, рухани орталығындағы 11 нысанға жылу берілген.
Айта кетерлігі, тұрғындар үйдегі радиаторлардың қызып, жылығанына көз жеткізу қажет. Егер де жылу келмесе ауасын шығару керек. Радиаторлардағы ауа үйді нашар жылытып қана қоймай, батареялардың тот басуына әкелуі мүмкін.Сондай-ақ, коммуналдық төлемдердің төленгенін тексерген дұрыс.