Ордабасылық азамат лимон өсіріп, миллион пайда табуда

Ордабасы ауданы Қажымұқан ауыл округіне қарасты Ынталы ауылында орналасқан «ЕлНұр Айдар» жылыжай шаруа қожалығы тропикалық жемістер (лимон, анар) және алма өсіруді жүйелі қолға алуда.

Аталған шаруа қожалық 2017 жылы 5 гектар жер телімінің 3 гектарына алма, 0,5 гектарына лимон, ал қалған алқапқа анар егуден бастаған.

Жылыжайға 707 дана лимон көшеті, 1000 дана анар көшеті мен 3 түрлі сортты қызыл алманың көшеттері егілген.

«Қазіргі таңда шаруа қожалығымыз өзіне тиесілі жер телімінен 20 тоннадан астам лимон өнімін алуда», — дейді «ЕлНұр Айдар» шаруа қожалық басқарушысы Бахытжан Утанбаев.

Бүгінде жиналған лимон жемістері Шымкент қаласының базарларына сатылудан тыс тұрақты тұтынушылар арқылы жылыжай орнынан тікелей көліктерге тиелуде.

Шаруа қожалық өнім жинау науқаныны кезінде 6 адамды жұмыспен қамтуда.