Шынықсаң шымыр боларсың. Ордабасыда аурухана қызметкерлері арасында спартакиада өтті

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» аясында және «16 — желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Қажымұқан Мұңайтпасұлының туылғанына 150 жыл толуына» орай «Ордабасы аудандық орталық аурухана» қызметкерлер арасындағы Спартакиадасы өткізілді.

Жарыс 2021 жылдың желтоқсан айының 11 күні, Қажымұқан ауыл округі, Темірлан ауылы, Қажымұқан атындағы орталық стадионға жиналды.

Спартакиаданың ашылу салтанатында аудан әкімі орынбасары А.Оралбаев медицина қызметкерлерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап жарысқа сәттілік тілеп қолдау көрсетті. Келесі кезекте Ордабасы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Б.Мырзалиевке беріліп, алдағы уақытта жұмыстарыңызға табыс тілеп өткізілгелі отырған спартакиадаға өз үлесін қоса отырып жиылған қатысушыларға сәттілік тіледі, жалғасы концерттік бағдарламаға ұласып патриоттық ән шырқалып, үздік медицина қызметкерлері марапатталды.

Орталық стадионға жиналған медицина қызметкерлері жарысына 16 команда қатысып, арқан тарту, үстел теннис, дойбы (шашка), шахмат, эстафетадан сынға түсіп жалпы командалық есепте 1-орын алған Орда Siti, 2-орын Қыран, 3-орын-Сұңқар командалары ие болды.

Ордабасы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің есебінен 1,2,3 орын алған командалар мен жекелей спортшыларға грамота және медальдар, жалпы командалық есепте орын алған командаларға кубок және Ордабасы аудандық орталық аурухана есебінен ақшалай сыйлықпен марапатталады.

x

Check Also

Түркістанда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» іс-шарасы өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Амфитеатр» кешенінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – дастан» атты мерекелік іс-шара өтті. Түркістан облыстық мәдениет басқармасы ...

Шымкентте балалар қауіпсіздігіне бағытталған шаралар күшейтілді

Шымкент қаласында көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың абайсыз құлауын болдырмау мақсатында кешенді алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы бүгінгі күнге дейін ...