Ветеринариялық іс-шараларды іске асыру міндетті

Қазақстанда «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар жеке қожалығындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге, аса қауіпті ауруларға қарсы екпе жүргізуге міндетті.

Сонымен қатар, ветеринариялық іс-шаралар жүргізу барысында ветеринар дәрігерге жәрдем көрсетуге, жаңадан сатып алынған жануарларды, алынған төлдерді, сатқан жануарларды, жаппай қырылу жағдайлары бойынша ветеринариялық мамандарға хабарлауы тиіс.

Құрметті қала тұрғындары! Қораңыздағы 4 түлік мал бірдейлендірілмеген жағдайда және жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төл, олардың сойылғаны туралы хабарламағаны үшін мал иесін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 406 бабына сәйкес жауапкершілікке тарту көзделген.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ветеринариялық паспорт беру ветеринариялық дәрігерлері тарапынан тегін жүргізіледі. Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның байланыс нөмірі: 45-05-05, 45-05-22, 45-05-18.