Бәйдібек би-Арғынбеков жолайрығы – мегаполис үшін маңызды жоба

Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қазіргі таңда Байдібек би — Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайырығын салу жұмыстары жоспарлануда. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, маңызды жобаның құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау мерзімі 2023 жылдың соңына жоспарланған.

Нысан құрылысына жауапты мердігер — «КазахДорСтрой» ЖШС.

Ал техникалық қадағалаушы — «ЮжКазЭксперт» ЖШС. Құрылыстың техникалық көрсеткіштеріне сәйкес, Байдібек би даңғылында 700 м, Арғынбеков көшесінде 921 м аралықта жол жұмыстары жүргізілетін болады.

Жоспарға сәйкес жолайрықта ені 80 метрлі 4-6 жолақты жол қаралған және 61 учаскені мемлекет мұқтаждығына алу көзделген. Сонымен қоса жол жиегінде 1,5 метр жаяу жүргінші жолы және 1 метрлі веложол салынатын болады.