UFC-дің экс-чемпионы Белфорт бокстан экс-әлем чемпионы Холифилдті құлатты

Әлемнің экс-абсолют чемпионы Эвандер Холифилд UFC-дің бұрынғы чемпионы Витор Белфорттан жеңілді.

Голливудтағы (АҚШ) Triller Fight Club кеші бокс ережесімен өтті. Бірінші раундта Белфорт аты аңызға айналған былғары қолғап шеберін алдымен нокдаунға түсірді. Артынша төреші жекпе-жекті уақытынан бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.

Еске салайық, жоспар бойынша Витор Белфортпен Оскар де ла Хойя кездесуі тиіс болған. Ал Холифилд болса, Кевин Макбрайдпен рингте қолғап түйістіруі керек еді. Алайда Холифилд — Макбрайд жекпе-жегі өтпейтіні белгілі болды. Оның үстіне де ла Хойя коронавирус жұқтырғандықтан, Холифилд күтпеген жерден UFC өкілімен жұдырықтасқан.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Спортсмены завоевали 14 золотых медалей на Кубоке Азии по ашихара-карате в Ташкенте

На Кубоке Азии по ашихара-карате, проходившем в Ташкенте, спортсмены из Актау завоевали 14 золотых и две серебряные медали. Об этом ...

Отандық спортшылар әлем кубогында 15 жүлде алды

Спорттық гимнастикадан 6 кезеңнен тұратын Әлем кубогы мәресіне жетіп, жерлестеріміз үздік көрсеткіштерін тіркеді. Тек қана Милад Каримидің өзі 6 алтын, ...