Шымкентте күніне 25 тонна сүт өңдейтін цех ашылды

Шымкент қаласындағы Мәртөбе тұрғын алабында сүт өнімдерін өңдейтін цех ашылды. Жобаға 300 млн теңге инвестиция тартылған. Аталмыш цехта күніне 20-25 тоннаға дейін сүт өңделуде. Өңделген сүттен 2,5 тонна ірімшік өнімінің голланд және моцарелла түрі шығарылады. Сұранысқа қарай брынза өнімі де өндіріледі.

Кәсіпорын басшысы Полат Халаевтың айтуынша, алдағы уақытта өнім көлемін 35-40 тоннаға дейін арттырып, өнім түрін көбейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Мәртөбеден шығарылған сүт өнімдері еліміздің барлық аймақтарын толықтай қамтып отыр екен.

Жиырма бес жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Халаев» ЖК кәсіпорын сапа стандарты бойынша жұмыс істеп отыр.

Сүт өңдеу цехының орналасқан жері Мәртөбе тұрғын алабы, Жібек Жолы көшесі, 130үй.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету

2024 жылы мүгедектігі бар азаматтарға қолдау шараларын көрсету үшін бюджеттен – 12,3 млрд.теңге (2023ж.- 8,2млрд.теңге) қарастырылып, ағымдағы жылдың 1 желтоқсан ...

Жаңаталаптағы көпір күрделі жөндеуден өтті

Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Жаңаталап тұрғын алабында орналасқан Бадам өзені үстінен өтетін көпірдің құрылысы 1974 жылы салынып, пайдалануға берілген болатын. ...