ШҚО-да iPhone алу үшін мал ұрлаған жас жігіттер бес жылға сотталып кетті

Шығыс Қазақстан облысында iPhone алу үшін мал ұрлаған 20 жастағы екі жігіт түрмеге қамалды.

ШҚО ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ер адамдар ұрлық жасау үшін алдын ала сөз байласқан. Олардың қылмысқа баруларына қымбат ұялы телефон алуға ақшаларының жетпеуі себеп болған.

Сөйтіп екеуі еркін жайылымнан бірнеше бас ұсақ малды ұрлап кеткен. Сот үкімімен 5 жылға бас бостандықтарынан айырылған жігіттер ОВ-156/1 түзету мекемесінде өз жазаларын өтеуде.

«Соңғы уақытта жастар арасында мал ұрлығы белең алды. Ұрланған малға чип қойылған болса, оны табу оп-оңай. Ал қылмыс жасаған азамат қатаң жауапкершілікке тартылады. Нақтырақ айтсақ, ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — деді ОВ 156/1 мекемесі жедел бөлімінің бастығы Мақсат Бақатбаев.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Әділдік бар жерде елдік бар

Мемлекет басшысы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру және шын мәнінде озық ойлы ұлт болу үшін жақсылыққа ұмтылумен қатар, еліміздің өсіп-өркендеуіне кедергі ...

Қазақстан мен Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың басымдықтарын талқылады

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Ауғанстанға барды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі ҚР ...