Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды

2021 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды. Тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізде халық санағы үшінші рет өтеді.

«Шара алғаш рет цифрлық технологияларды қолдану арқылы өтпек. 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде халық санағынан өтуге болады. Сайт 24 сағат бойы қол жетімді»,- деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов.

Онлайн режимінде санақтан өтпеген азаматтарды қамту үшін 1-30 қазан аралығында қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып интервьюерлердің сауалдарына жауап беру мүмкіндігі болады. Интервьюерлердің электрондық планшеттерді пайдалануы дәстүрлі кезеңнің басты жаңалығы болмақ.

Биылғы халық санағында 91 сұрақ қарастырылған. Алайда азаматтар сауалдардың барлығына жауап береді дегенді білдірмейді. Себебі, санақ парақтарында шетелге кеткен немесе елге келген адамдарға, тек қана әйелдерге қойылатын сұрақтар бар. Сондай-ақ, үйдің жағдайына қатысты сауалдарға тек үйдің иесі ғана жауап беретін болады.

Орташа есеппен санақ сауалдарына жауап беруге 20-25 минут қажет. Азаматтардың белсенділігі мен шынайы жауаптары халық туралы сапалы деректерді алуға негіз болады. Қазақстанда әркім маңызды!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Производство растительного масла в Казахстане увеличилось почти на 24%

Масложировая отрасль укрепляет позиции: растет переработка, расширяются площади масличных культур, усиливается экспортный потенциал. По итогам января–марта 2025 года объем производства ...

Қазақстанда өсімдік майын өндіру шамамен 24%-ға артты

Май өнімдері өнеркәсібі өз позициясын нығайтып келеді: өңдеу көлемі артып, майлы дақылдар алқабы кеңейіп, экспорттық әлеует күшеюде. 2025 жылғы қаңтар–наурыз ...