Шымкентте жалпы тәжірибелік дәрігерге жазылу тәсілі жеңілдеді

@ikomek109.shymkent және @gorzdravshymkent бірлесе, қала тұрғындарына дәрігерлерге жазылу тәсілін жеңілдетті.

Енді мегаполис тұрғындары жалпы тәжірибелік дәрігерге (терапевт) БІРЫҢҒАЙ ТЕГІН 1️⃣0️⃣9️⃣ нөміріне хабарласу арқылы жазыла алады.

Тіркелген емханаға барып немесе емхананың байланыс нөмірлеріне хабарласпай-ақ, @ikomek109.shymkent орталығымен байланыссаңыз болады. Орталық қызметкерлері тез арада Сізді өзіңіз бекітілген дәрігерге жазып береді.

Естеріңізге сала кетейік, әрбір қала тұрғыны төменде көрсетілген әдістер арқылы өз өтінішін қалдыра алады:

  1. Бірыңғай ТЕГІН 109 нөміріне қоңырау шалу;
  2. WhatsApp +7 (777) 710-91-09 нөміріне жазу;
  3. Instagram парақшасында жекеге жазу;
  4. Facebook: IKomek Shymkent
  5. @shymkentonlinekz_bot TELEGRAM-bot арқылы өтініш қалдыру.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Қаланың қауіпсіздігі – қоғам назарында

Өткен аптада Шымкент қаласында тергеу органдарының өндірісінде 181 қылмыстық іс тіркеліп, олардың 11-і сотқа жолданды. Ең жиі кездесетін қылмыстардың қатарында ...

В Шымкенте состоялась встреча волонтёров

В Шымкенте прошёл особый семинар-тренинг для волонтёров. Мероприятие было организовано в рамках проекта «Birgemiz: Sabaqtastyq» Молодёжным ресурсным центром с целью ...