Әлеуметтік маңызы бар бағыттар көбейеді

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясы өтті. Сессия отырысына 28 депутат, қала әкімі Мұрат Әйтенов, аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 6 мәселе қаралған сессияның бұл жолғы ерекшелігі – енді сессия төрағасының міндетін мәслихаттың хатшысы атқарады. Депутаттар бұл өзгерісті бір ауыздан қолдап, дауыс берді.

Өзекті тақырыптардың бірі қаладағы әлеуметтік маңызы бар көлік бағыттары тізіміне жаңа 7 бағытты енгізу болды. Бұл жайында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов баяндама жасады. Алдағы уақытта №№ 9, 37, 87, 68, 69, 72 және 126 бағыттар да тізімге қосылып, осылайша әлеуметтік маңызы бар көлік бағытының саны 64-ке жетіп отыр. Сонымен қоса шаһардағы бағаны тұрақтандыру және мектептер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Басқарма басшылары депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Айта кету керек, күн тәртібіндегі мәселелер бұған дейін тұрақты комиссиялардың отырыстарында талқыланған. Сессия соңында қала әкімі Мұрат Әйтенов көтерілген мәселелердің өзектілігіне тоқталып, қаладағы барлық 81 елді мекенді қоғамдық көлік қатынасымен қамту бойынша жүйелі жоспар түзілгенін, қазіргі таңда орындалу көрсеткіші 82 пайызға жеткенін мәлімдеді. Маңызды мәселелер бойынша қолдаған депутаттарға алғыс айтып, көпшілікті келе жатқан ҚР Конституциясы күнімен құттықтады.

Қала әкімі бұдан кейін Ресейде өткен еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Бекзат Ермекбаевты ортаға шақырып, арнайы құттықтап, қаржылай сертификат табыстады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан: Қалалық сот төрағасы тағайындалды

Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қалалық сотының төрағасы Лебаев Әділбек Ғұламұлын таныстырды. Сондай-ақ, Президенттің 2025 жылғы 10 ақпанындағы №778 ...

Түркістан облысында экологиялық мәдениетті арттыруға арналған «Бұл сенің туған өлкең» акциясы жүзеге асады

Бүгін Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығында «Жасыл ел» жастар ұйымының мүшелері мен белсенді жастар бас қосып, жылдық жоспарды талқылады. Жоспарға ...