«Талғат Мұсабаев қолымнан ұрды»: Бойжеткеннің айыптауына ғарышкер жауап берді

Парламент сенатының депутаты, ғарышкер Талғат Мұсабаев қол көтерді деп өзіне айып таққан бойжеткенге қатысты жайтқа пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Кеше саябақта жолдасым екеуіміз серуендеп жүргенде алдымыздан ит ұстап бір қыз шықты. Ол тура жүгіретін жолмен жүрді. Мен иттің тұмылдырықсыз болғанына ескерту жасадым. Себебі басқа адамдарға қауіп төнуі мүмкін. Соған дөрекі жауап берді. Ол туралы өзі де әлеуметтік желідегі парақшасында жазды», — дейді Талғат Мұсабаев.

Бұл жайттан кейін бойжеткен полиция шақырған, ғарышкер тәртіп сақшыларын күткен.

«Мен жағдайдың мән-жайын түсіндіріп, заң бойынша өзімді қорғауға дайын болдым. Ішкі істер министрлігінің екі өкілі – полицейлер келгеннен кейін қажетті түсініктеме бердім. Арыз жасаған қыз да бәрін айтты. Менің тарапымнан қандай да бір құқыққа қайшы әрекеттер, соның ішінде дене жарақаты туралы шағым болған жоқ. Оған қоса, ол қыз қолын созып, бізден кешірім сұрады», — дейді Талғат Мұсабаев.

Сонымен қатар, сенатор «жұдырық ала жүгіргені» туралы айыптардың еш негізі жоқ екенін мәлімдеген.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордалық ару өзіне сенат депутаты Талғат Мұсабаевтың шабуыл жасағанын айтқан еді.

© КТК телеарнасы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Жасыл даму» АҚ 3%-бен және 15 жылға дейінгі мерзіммен, төлемдерді екі жылға дейін кешіктірумен қоқыс өңдеу зауыттарын салуға қаржыландыру береді. ...

Свыше 550 специалистов ПМСП приступили к обучению в рамках года повышения квалификации

В целях повышения качества и доступности медицинской помощи Министерством здравоохранения Республики Казахстан 2025 год объявлен Годом повышения квалификации специалистов первичной ...