Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы тұрақты

Биыл Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Қажымұхан ауыл округіне қарасты Көктөбе елді мекеніндегі «Жанұзақ Ата» шаруа қожалығы картоптан мол өнім алмақшы. 10 гектар аумаққа картоптың ресейлік «Коломбо» сортын еккен шаруа қожалық басшысы Бағдат Жолдасбеков өнім көлемін 250 тоннадан асыруды көздеп отыр.

«Жалпы өзіме тиесілі 25 гектар суармалы жердің 10 гектарына шетелдік тұқым салғанбыз. 15-20 күнде өнім жинау жұмыстары басталса, әр гектарынан 250-400 центнер өнім аламыз деген ойдамыз», – дейді шаруа қожалық басшысы.

Алдағы уақытта дайын өнім сұрыпталып, Түркістан облысы мен Шымкенттің базарларына саудаланбақ. Кәсіпкердің айтуынша, бір келісінің бағасы 160-180 теңге аралығында болмақ. Қазіргі таңда аталған шаруа қожалығы 15 азаматты маусымдық жұмыспен қамтып, орташа есеппен 100 мың теңге көлемінде айлық жалақы беріп отыр.

Дереккез: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Шардарада экологиялық бағытта жастар слеті өтті

Шардара ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» атты жастар слеті ұйымдастырылды. Шара- экологиялық сананы ...

Түркістан облысында биыл модульді лагерлер жұмыс істейді

Биыл Түркістан облысында алғаш рет модульді 5 жазғы лагерь іске қосылады. Өңірдің 5 ауданындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде 54 модульдік жатын ...