Нұрсұлтан Назарбаев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды (видео)

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін алды, деп хабарлайды elbasy.kz.

Вакцинациядан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және белсенді түрде екпе салдыруға шақырды.

«Қазіргі таңда Қазақстанда үш миллионға жуық адам вакцина салдырды. Бүгін мен де коронавирусқа қарсы вакцина алдым. Барша қазақстандықтарды белсенді түрде вакцинация жасатуға, одан қорықпауға шақырамын. Әсіресе қазір вирустың жаңа штамы пайда болған кезде вакцина салғызудың маңызы ерекше. Бұл өз денсаулығымыз үшін керек. Біз күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Осы қиындықты бірлесіп еңсеруге тиіспіз. Баршаңызға шын жүректен мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

© 24.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

2024 жылдың 12 мамырынан бастап Қазақстанда алғаш рет өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық жабдық сатып алуға жұмсалған шығындарын өтеу тетігі іске қосылды. ...

Создана межведомственная проектная группа по цифровизации транспортно-логистической отрасли

В соответствии с поручениями Главы государства, озвученными на совещании под председательством Премьер-министра, Министерство цифрового развития РК инициировало создание межведомственной проектной ...