Түркістан облысында Отан қорғаушылар күні 200-ге жуық сәби дүниеге келді

Түркістан облысында Отан қорғаушылар мерекесі күні 182 сәби дүниеге келді. Соның ішінде 88 ұл бала болса, 94 қыз бала. Бүгінде нәрестелер мен аналардың жағдайы жақсы. Сондай-ақ, бір егіз бала дүние есігін ашты.

Айта кетейік, мереке күндерінде кезекші ауысымда нәресте мен анаға дұрыс күтім жасайтын жоғары білікті дәрігерлер, тәжірибелі акушерлер мен медбикелер жұмыстарын атқарды.

Жалпы, жыл басынан бері бала туу көрсеткіші 6,5 пайызға өскен. Ал, сәби өлімі 27,7 пайызға азайған. Осы орайда, ана мен бала саулығын сақтау бағытында іс-шаралар тұрақты түрде жалғаса бермек.

Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Жыл басынан бері мұнда 20 мыңнан астам сәби дүниге келді.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан облысында инвестициялар көлемі 37,4%-ға артқан

Бұл туралы брифингте ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық Статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрқожа ...

Түркістанда су тасқынына қарсы оқу-жаттығу жиыны өтті

Көктемгі су тасқынына дайындық аясында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен «Көктем-2025» Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өтті. «Дабыл-1001» сигналы бойынша облыстық ...