Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған көрме ашылды

Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің Сапар орталығында «Қазақ даласының батыры – күш атасы Қажымұқан» тақырыбында көрменің ашылуы өтті, деп хабарлайды Xnews музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айтулы мерейтойға арналған көрмені көпшілікке Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі ұсынды.

Көрмеде қазақ даласының батырына тиесілі құнды жәдігерлер мен құжаттар, өмір жолын айғақтайтын суреттер қойылады.

Көрменің ашылуында сөз алған Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінің директоры Гүлдария Райымбекова Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай музей қорына күш атасына байланысты өткізілген жәдігерлер алғаш рет Отырар жерінде көпшілікке ұсынып отырғандығын айтып өтті.

Түркістан облысы, Отырар ауданының тұрғындары мен қонақтарына аталған көрме 1 ай көлемінде ұсынылады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді

Наурыз мейрамына «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен Түркістанға 300-ден аса турист келді. Саяхатшылар Түркістан қаласының көрікті орындарын аралап, Наурыз мейрамын ...

«Наурызнама»: Түркістанда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтіп жатыр

«Наурызнама» онкүндігі бойынша 20 наурыз «Ұлттық спорт күні» болып белгіленген. Бүгін, мерекеге орай алғаш рет Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері арасында ...