Тоқаев «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алды

Бүгін, 27 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Sputnik V вакцинасының екінші компонентін алды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алды. Екпе салдырғаннан кейін Президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалған жоқ. Өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеулерден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді», деп жазды ол Facebook-те.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Космический прорыв: школьник из области Абай — победитель международного конкурса

Ученик 9 класса представил на конкурс инновационный проект, предназначенный для работы с космическими объектами. Четвёртый Международный конкурс по космическим технологиям ...

Кокшетауские танцоры показали лучшие результаты на республиканском конкурсе

13 апреля в Шымкенте состоялся международный хореографический конкурс «Нұрлы көктем», в котором приняли участие 30 творческих коллективов из разных регионов. ...