Қажымұқан туралы кітап үш тілде шықпақ (видео)

Қазақ деген халықты бүкіл әлемге танытқан әйгілі алып күш иесі -Қажымұқан бабамыздың туғанына биыл 150 жыл. Қазір осы мерейтойға арналған түрлі шаралар бастау алуда. Мұндай игілікті істер Ордабасы ауданында да атқарылуда. Соның бірі–аудан азаматтарының күшімен құрастырыплы жатқан Қажымұқан жайлы кітап. Бұйыртса бұл дүние үш тілде жарық көрмек.

Палуан бабамыздың сүйегі Темірланның іргесіндегі елдімекенде. Ол ауыл қазір батырдың өз атымен аталады. Кесенесі үлкен жол бойында орналасқан. Ұлт мақтанышына айналған бабамыздың мерейтойына қазір ордабасылықтар да қызу дайындалуда. Сондай–ақ, батыр бабамызға арналған спорттық мұражай да аудан орталығында орналасқан.

Қазақ деген халықты өткен ғасырлардың өзінде-ақ бүкіл әлемге танытқан палуанның 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалағаны тарихтан белгілі. Әйтседе біз білмейтін деректер әлі де жетерлік. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін қазір Қажымұқан жайлы үш тілде кітап жазылуда.

Құрманәлі Жылқыбай — Ордабасы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Қазақ даласының батыры Қажымұқан бабамыздың 150 жылдығын жоғары деңгейде атап өту үшін бұның негізгі мақсаты той тойлау емес, үлгі-өнегесін, даңқын, жетістігін, әлемге қазақ кім екендігін паш еткен батыр палуанның ғұмырын, өнегесін келер ұрпаққа үлгі етіп тәрбиелеу.

Дала батырының 150 жылдық тойына арналған шаралар жыл бойына жалғаспақ.

© shymkenttv.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*