«Мұңайтпас Мұқан» — Ордабасы сахнасында

Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай бүгін Түлкібас аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Фархат Байтуғанов бастаған өнерпаздар Ордабасы ауданына келіп, «Мұңайтпас Мұқан» сахналық новелланың премьерасын (авторы С.Алтаев, режиссер Е.Тленов) карантин талаптарын сақтай отырып, көрермен назарына ұсынды.

Жастайынан ерекше күш иесі ретінде танылған Қажымұқанның өмірінен қойылым өзіне қазақтың бар болмысын сыйғызды. Жылқышы мен байдың текетіресінен басталған оқиға аламан той мен айтысқа ұласты. Той-жиыны күрессіз, бәйгесіз тарқамаған, қазаны оттан түспеген, сабасы қымыздан босамаған кең жүрек халықтың тұрмысын осы бір туындыға сыйғызып, көрермен жүрегіне жеткізе білген өнерпаздар көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*