Созақ ауданында қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді

Бүгін сағат 16:00 шамасында ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты жабылған КХ-2 «Уланбель-Созак-Екпенды» тасжолында Шаян – Шолаққорған арасында Таскөмірсай ауылынан шамамен 15 км қашықтықта қар құрсауында қалған Шымкент – Степной бағытындағы автобус ішіндегі жолаушыларға және басқа да автокөліктердегі адамдарға көмек көрсетілді.

Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 6 қызметкер, 2 дана техника жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәлімдеуінше, 1 автобус және 5 жеңіл автокөлігіндегі 50 жолаушы оның ішінде 3 бала болған. Қазіргі таңда қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетіліп, Шолаққорған ауылына жеткізілді. Қаза тауып, жарақат алғандар жоқ.

Құрметті облыс тұрғындары, қала қонақтары ТЖД әлеуметтік желілерінде жарияланған дауылды ескертулерге және де ұялы телефондарыңызға келген дауылды ескертулерге құлақ түрулеріңізді, жолда қалып қойған жағдайда 101 немесе 112 байланыс нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

«Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» форумында тарихи шаһардың туристік әлеуетін көтеру жолдары қаралды

Түркістан қаласында «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» республикалық туристік форумы өтті. Маңызды шараға Орталық Азия елдерінің және еліміздің туризм ...

Түркістанда 2025 жылдың туристік маусымы ашылды

«Kеруен сарай» кешенінде «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбымен өңірдің туристік маусымы ашылды. Облыстың туристік әлеуетін, инфрақұрылымын жақсарту және ...