Ордабасыда тасқынның алдын-алу жұмысы қарқын алды

Ордабасы ауданында тасқын судың алдын алу бойынша каналдарды тазалау, тоспалардың техникалық жағдайын тексеру, бекіту және ауыстыру, каналдардың жиектерін бекіту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков бұл бағытта атқарылған тірліктерді қатаң бақылауына алып, күнделікті арнайы тексеруде.

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауыл округ әкімдері тарапынан тұрғындарға аулаларындағы арық-атыздарды тазалау қажеттігі ескертіліп, түсіндірме шаралары жүргізілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*