Түркістан облысында құс фабрикасынан жүзден астам күркетауық ұрлаған (видео)

Құс ұрлаймын деп сотталатын болды. Түркістан облысында құс фабрикасынан жүзден астам күркетауық ұрлаған азаматтар ұсталды,деп хабарлайды Xnews KTK телеарнасына сілтеме жасап.

Ордабасы ауданындағы құс өсіріп етін сатумен айналысатын фабрикаға қос күдікті таңғы сағат төртте кірген. Бейнекамерасы көп, күзеті мықты жерден бір түнде 102 күркетауықты алып шығыпты. Әр тауықтың бағасы шамамен 11 мың теңге тұрады. Жәбірленушілер 1 миллион 170 мың теңгеге шығындалған. Көп ұзамай күркетауыққа қырғидай тиген қос күдікті ұсталды. Олардың бірі бұрын да бұзақылығымен сотты болған. Қамауға алынған оларға ұрлық бабымен қылмыстық іс қозғалып, сыбайластарына іздеу жарияланды.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен аталған ұрлыққа қатысты 4 адам анықталды. Оның ішінде екеуі Шыңғыс және Ернар есімді азаматтар Ордабасы полиция бөліміне жеткізілді. Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері қалған екеуін іздезтіріп жатыр,-дейді Бақытжан Әлібек, Ордабасы аудандық полиция бөлімінің тергеушісі.

© КТК телеарнасы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістандық 24 құтқарушы арнайы төсбелгімен марапатталды

Түркістан облысының өрт сөндірушілері жыл басынан бері дабыл бойынша 15 мыңға жуық нысанға барған. Құтқарушылар жалпы құны 1 млрд 974 ...

В Туркестане отметили 100-летие Рахимжана Кошкарбаева

В Туркестане состоялось торжественное мероприятие, посвященное 100-летию народного героя Рахимжана Кошкарбаева. На мероприятии, организованном в честь столетия Рахимжана Кошкарбаева присутствовал ...