Өмірзақ Шөкеев аудан әкімдері мен полицейлерге мал ұрлығына тосқауыл қоюды тапсырды

Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының ашылымы бойынша республикада Түркістан облысы алдыңғы шепте. Атап айтсақ, ауыр дәрежелі мал ұрлығы қылмыстарының ашылымы 76,9%-ға жақсарған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы мәжілісінде мәлімденді.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен отырыста жол көлік оқиғаларының профилактикасы, оның ішінде адам өліміне алып келген оқиғалардың алдын алу, меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың профилактикасы, «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасының іске асырылу барысы, кәмелет жасына толмағандармен және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың және көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу секілді өзекті мәселелері қаралды.

Облыстық полиция Департаменті басшылығының мәлімдеуінше, Қылмыстық Кодексте енгізілген өзгерістерге сәйкес, ұрлық қылмыстарының бірнеше рет жасалуы, қолсуғылмаушылықты бұза отырып жасалуы ауыр дәрежелі қылмыстар санатына жатқызылып, бұл өз кезегінде ұрлық жасаған тұлғалардың тараптардың татуласуымен қылмыстық жауапкершіліктен босатылу мүмкіндігіне бөгет қойды. Сонымен қатар, Қылмыстық Кодекске «Мал ұрлығы» бабы жеке бөлектеніп енгізілді. Нәтижесінде жалпы бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының еке есе азаюына ықпал жасады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мал ұрлығына тосқауыл қоюда аудан, ауыл әкімдері мен полицияның бірігуін тапсырды.

«Аудан деген алақандай жерде қалай мал ұрланғанын ешкім білмейді? Бәрі бір-бірін біледі. Кім бейім екенін біледі. Кімнің малы ұрланатынын біледі. Ондайға шара қолдану керек, тоқтату керек. Барлық аудан, ауыл әкімдері мен полиция бірігіп, тез арада қолға алыңыздар. Жалпы мал ұрлығын болдырмау керек», — деді облыс әкімі.

Ведомствоаралық комиссиясы мәжілісінде мал ұрлығының жасалу тізбегі бойынша жұмысты күшейтіп, мал базарларындағы талапты қатайту жүктелді. Сараптамаға сәйкес, мал ұрлығының 61,7%-ы жайылым жерлерден орын алған. Осыған орай өңірде «мал иесі-жергілікті атқарушы орган-бақташы» үшжақты келісімшарт жасау жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, отырыста облыс аумағында жалпы қараусыз және табылған малдарды ұстауға арналған орындардың жеткіліксіздігі жайлы мәселе қозғалды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Туркестанскую область с начала года посетили более 700 тысяч гостей

Туркестанскую область за 9 месяцев 2024 года посетили более 700 тысяч гостей. Об этом сегодня сообщил руководитель Управления туризма Туркестанской ...

Түркістан облысына жыл басынан бері 700 мыңнан астам қонақ келген

Түркістан облысына 2024 жылдың 9 айында 700 мыңнан астам қонақ келген. Бұл жайында бүгін Түркістан облысының туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет ...