Түркістан облысында «Қарулы күштері – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдарында «Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істей бастады. Кеңсе мемлекеттік қызметтерді алу кезінде халық үшін қолайлы жағдай жасап, азаматтардың жергілікті әскери басқару органдарына сенімін арттыру, сондай-ақ, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайту бағытында жұмыс істейді.

«Жобалық кеңседе әскери басқару органдарының жеке құрамы оларға келіп түсетін түрлі сұрақтарға жауап береді. Мысалы, әскери есепке қою немесе одан шығару, әскери қызмет өткеру туралы анықтама алу, әскери билетті беру тәртібі, азаматтарды әскери мамандықтар бойынша даярлау және т.б.», – дейді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, майор Жандос Күлдербаев.

Азаматтар тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаға немесе бөлім кезекшісіне кез келген мәселемен жүгіне алады. Ал, кезекші келушіні тікелей қабылдауды жүзеге асыратын кеңсе басшысына хабарлайды. Содан соң басшы келушіні тікелей қабылдап, қажет болған жағдайда жобалық топтың тиісті лауазымды тұлғаларын шақырады. Жобалық топтың құрамына әскери есепке алуды жүргізу, есепке алу-шақыру жұмысы, кадр жұмысы және қаржылық қызмет сияқты бағыттар бойынша әскери қызметшілер мен азаматтық қызметші мамандары бар.

«Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі қызметтік іс жүргізудегі құжат айналымын қысқартуға мүмкіндік беріп, азаматтардың жазбаша өтініш беру қажеттілігін азайтып отыр. Жобалық топ азаматтардың мәселелерін тікелей шешу бойынша жан-жақты шаралар қабылдайтын болады.

Келушілерді қабылдау жұмыс күндерінде сағат 9-дан 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда 2 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын мақта агроөнеркәсіптік кешенінің құрылысы басталды

«TURAN» арнайы экономикалық аймағында «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешенінің» қазығы қағылды. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік ...

Түркістан облысында көмірге деген қажеттілік 150 мың тоннаға азайған

Түркістан облысындағы жылыту маусымы өңірдегі 12 ауданда биыл 11-21 қазан аралығында басталды. Қалған 5 аудан, қалаларда жылу маусымын 1 қарашадан ...