Шымкентте де жер сілкінісі сезілді

6 қараша күні Алматы уақыты бойынша 13 сағат 38 минутта Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды. Дүмпулерді Шымкент тұрғындарды сезінген деп хабарлайды «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ ресми хабарламасында.

Жер сілкінісін «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі тіркеген. Оның эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 565 шақырым, Қырғызстан аумағында 30 шақырым тереңдікте орналасқан. MPV магнитудасы 5.7. Шымкент тұрғындары 2-3 баллдық дүмпу сезінген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*