Шымкентте 3 оттегі станциясы орнатылды

Шымкент қаласында эпидемияның екінші толқынына дайындық кезінде реанимациялық төсектерді жабдықтау мақсатында 314 функционалды кереует, 381 дозаторлар, 266 реанимациялық мониторлар және 381 медициналық сорғыш қондырғылар сатып алынды.

Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлім етті.

  • Қалада 3 оттегі станциясын орнату бойынша жұмыстар аяқталды. Екеуі Қалалық инфекциялық аурухана базасында және біреуі №3 қалалық ауруханада. Бұдан бөлек медициналық ұйымдардағы 717 оттегі нүктелерін қосу және сұйық оттегіге арналған 9 резервуар орнату жұмыстары жүргізілуде, — деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, 13 санитарлық көлік демеушілік ретінде берілген. Мұнан өзге, медициналық ұйымдарда 612 ИВЛ аппараттары жұмыс жасайтын болады. Жыл басында 310 ИВЛ аппараты болса, қосымша 156 ИВЛ Денсаулық сақтау министрлігінен жеткізілді. Одан басқа демеушілік көмекпен 20 ИВЛ аппарат және 98 оттегі концентратері берілді. 126 дана ИВЛ аппараттары жергілікті бюджеттен сатып алынуда.

Енді алғаш рет Шымкент қаласында «Қазмедприбор» ЖШС ИВЛ аппараттарын шығаруды бастады. Мекеме күніне 20-25 ИВЛ аппарат шығаруға қауқарлы. Одан басқа 300-ге жуық медициналық жабдықтар шығарылады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда 2 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын мақта агроөнеркәсіптік кешенінің құрылысы басталды

«TURAN» арнайы экономикалық аймағында «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешенінің» қазығы қағылды. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік ...

Шымкентские врачи удаляют камни в почках без хирургических операций

Врачи Шымкентской городской клинической больницы №1 спасли 39-летнюю женщину с камнями в почках, сообщает информационное агентство Xnews со ссылкой на пресс-службу акима города Шымкент. ...