Премьер-лигада Түркістанның өз футбол командасы болады

Қазақстанның футболдан Премьер-лигасы Түркістан командасымен толығады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс басшысына: «Қазақстанның Премьер-лигасында Түркістан облысының жеке футбол командасы бола ма?» деген сауал қойылған еді.

«Әрине болады. Мұндай стадион салынғаннан кейін Премьер-лигада команда болуы керек. Қазіргі уақытта бірінші лигада үш командамыз бар. Үшеуі де жоғары сатыда жүр — «Қыран», «Арыс», «Мақтаарал» командалары. «Қыран» — 2, «Арыс» — 3, ал «Мақтаарал» командасы 4-орында тұр. Қазір бізде осылардың арасынан құрастырып, Премьер-лигада ойнайтын бір команда шығарамыз деген ойымыз бар. Сонымен айналысып жатырмыз», — деді Өмірзақ Шөкеев.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*