© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өмірзақ Шөкеев коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы айтып берді

Түркістан облысында коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық аясында медициналық ұйымдарды дәрілік заттармен және қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге 2,1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингіде мәлім етті.

Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, облыс аумағында 557 бөлшек сауда дәріханаларының қызмет атқаратын 238-імен өзара әрекеттесу туралы меморандумға қол қойылған. ПТР-зертханаларының саны 3-тен 9-ға дейін артты. Сонымен қатар, 12 жылжымалы медициналық кешен жиынтығы сатып алынып, нәтижесінде жылжымалы медициналық кешенмен аудандарды қамтамасыз ету көрсеткіші 100% құраған. Жедел-жәрдем қызметіне 122 автокөлік сатып алу жоспарлануда. Бұл автокөліктер жедел-жәрдем қызметі паркін 96,0% жаңартуға мүмкіндік береді.

«Түркістан облысында індет өршігелі COVID-19 індетін жұқтырған 3 430 адам тіркелді. Олардың 3 360-ы дертінен айықты. Қайтыс болғандар – 46. Сонымен қатар, 1 тамыздан бастап пневмонияға шалдыққандар саны 812-ге жетті. Медицина ұйымдарын дәрілік заттар мен арнайы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 1,4 млрд теңге, облыстық бюджеттен 0,8 млрд теңге қаржы қарастырылды. Аталған қаражатқа 361,8 млн теңгеге дәрілік заттар, 1,6 млрд теңгеге медициналық бұйымдар, 185 млн теңгеге дезинфекциялық ерітінділер сатып алынды», — деді аймақ басшысы.

Облыс әкімінің сөзінше, сатып алынған құралдардың 70% әр медициналық мекемелерде, қалған 30% облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасында қор ретінде сақталған. Екі айлық қор резерві қалыптастырылды. Бұдан бөлек, Өзбекстан, БАӘ, Қытай, Ресей және тағы басқа мемлекеттерден гуманитарлық көмек ретінде келген дәрілік заттар мен жеке қорғаныш құралдары медициналық ұйымдарға таратылды.

«Өңірде тұрғындардың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті тұрақтандыру қоры құрылды. Жалпы облыс аумағында 557 бөлшек сауда дәріханаларының қызмет атқаратын 238-мен өзара әрекеттесу туралы меморандумға қол қойылды. Облыста медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы келесі бағыттар бойынша жасақталды. Өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттарының саны 178-ден 337-ге дейін артты, өсім 47,1%. Оттегі станциясының саны 2 есеге артып, қосымша 4 станция орнатылды (8 станция). Сондай-ақ, 80 бірлік оксигенация аппараты (HI-FLOW) сатып алынды. Бұдан бөлек, оттегі концентраторларының саны 890 бірлікке жетіп, өсім 95,0% құрады. Оған қоса оттегі нүктелерінің саны 9,7 есеге артып, 205-тен 2095 нүктеге дейін ұлғайды», — деді Өмірзақ Шөкеев.

Өңір басшысы сондай-ақ, облыстық бюджет есебінен 1 дана компьютерлік томограф пен 3 дана сандық рентген аппараттары орнатылғанын атап өтті. Медициналық ұйымдарда пульсоксиметрдің қамтамасыз етілуі 190-нан 4 069-ға дейін жетіп, 95,3% артқан. ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен 9 бірлікке дейін өскен. Жедел жәрдем қызметі паркін 96,0% жаңартуға мүмкіндік берген. Бүгінгі күнге 56 санитарлық автокөлік жеткізілген. Қалған 21 дана 20 қарашаға дейін, 45 дана 31 желтоқсанға дейін жеткізілетін болады деп жоспарланып отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда 2 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын мақта агроөнеркәсіптік кешенінің құрылысы басталды

«TURAN» арнайы экономикалық аймағында «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешенінің» қазығы қағылды. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік ...

Шымкентские врачи удаляют камни в почках без хирургических операций

Врачи Шымкентской городской клинической больницы №1 спасли 39-летнюю женщину с камнями в почках, сообщает информационное агентство Xnews со ссылкой на пресс-службу акима города Шымкент. ...