Кісі қаққан Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісі қайтадан ұсталды

Танымал өнерпаз Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісі тағы да тәртіп сақшыларының құрығына ілінді. Бұл туралы Kokshetau Asia жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Порталдың хабарлауынша, ол мас күйінде көлікке отырып, жылдамдықты асырғаны үшін қамауға алынды. Оның бұл жолы Тұсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқановаға тиесілі Cadillac Escalade автокөлігін тізгіндегені хабарланған.

Айта кетсек, 2020 жылдың қазанында Тұрсынбек Қабатов 2019 жылы өз машинасымен болған адам өліміне әкеп соққан апатқа қатысты түсініктеме берді. Көлікті оның көмекшісі тізгіндегені белгілі болды, ол Теміртау-Нұра-Нұр-Сұлтан тас жолында 34 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шегуші оқиға орнында көз жұмған. Ол кезде ер адам жүргізуші куәлігінен айырылған. Қарағанды облыстық полиция департаменті қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ол оқиғаға қатысты іс тоқтатылғанын айтты. Яғни, қымбат Лексус көлігін тізгіндеген Қабатовтың көмекшісі жазаланбайды. Олардың сөзінше, қайтыс болған азамат жолдың бетіне өзі шығып кетіп, ереже бұзған көрінеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Алдын ала қорытынды: Референдумға 7,8 млн қазақстандық қатысты

Алдын ала қорытынды: 7 млн 820 мың 918 адам: Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы таңдау жасаған Аймақтар бойынша ...

Референдум ТМД байқаушылар миссиясының жіті бақылауында

Науқанды қадағалауға Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен 74 байқаушы келген. Олар өңірлерді аралап дауыс беру барысын бақылайды. ...