Хамитовтің келесі қарсыласы белгілі. Бірақ оның жекпе-жегі кейінге қалдырылып отыр

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Қуат Хамитов (20-6-1) октоганға 2021 жылы ғана оралады. Бұл туралы спортшының өзі Instagram парақшасында хабарлады. 

Хамитов келесі кездесуін 7-қаңтар күні Магнитогорск қаласында өтетін Fight Nights турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы ресейлік Магомед Магомедов (12-3) болады. 

Негізі Хамитов алдағы айқасын желтоқсан айында осы Магнитагорск қаласында өткізетінін мәлімдеген еді. Бірақ бұл жекпе-жек кеші кейінге шегеріліпті. 

Айта кетейік, отандасымыз өзінің соңы кездесуін қыркүйек айында, Fight Nights Global турнирінде өткізді. Хамитов бұл кеште ресейлік Ахмад-Хан Боковты жеңді.

Дереккөз: Vesti.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*