Қазақстанда түйе шаруашылығын дамыту және фермерлерді субсидиялау мәселелері талқыланды

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Түркістан облысы бойынша филиалы елімізде түйе шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша көшпелі семинар-кеңес өткізді,-деп хабарлайды Xnews.

Отырар ауданына қарасты Қарақоңыр ауылында өткен басқосуда «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілдері түйе өсіретін шаруаларға берілетін субсидия көлемін арттыру мен олардың шығындарын ескеру керектігін сөз етті. Мамандардың айтуынша, түйе сүтіне сұраныс артқанымен өзіндік құнын ақтамауда. Ал, субсидия тек өңделген сүтіне ғана беріледі. Көптеген қымыран өндірушілер арнайы цехтардың болмауынан субсидияға қол жеткізе алмауда. Түйе тұымынан негізі сүт, ет пен жүн өндірілетіні белгілі. Ал, шаруаны қынжылтатыны өндірілген өнімдерді қайта өңдеу технологиясының кенжелеп тұрғаны. Осы ретте мамандар түйе етін ас мәзіріне енгізуді ұсынады. Әрбір асыл тұқымды түйе мен тауарлы аналық басқа бюджеттен арнайы қаражат қарастырылса деп отыр.

Сондай-ақ, түйеге бөлінетін субсидияға көбірек көңіл бөлінген дұрыс деп санайды. Бұдан өзге түйе малын банктер кепілдікке алмағандықтан, кепілдікке қою мәселелерін қарастыру қажет екенін алға тартады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ардагерлермен жүздесіп, ұсыныстарын тыңдады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңір ардагерлерімен жүздесіп, маңызды мәселелер бойынша ашық сұхбаттасты. Аймақты дамыту бағытында зиялы қауым өкілдерінің ұсыныс-пікірлері ...

Түркістан облысында 100-ден астам мектеп жаңғыртудан өткізіледі

Түркістан облысында білім, денсаулық сақтау нысандарын салу және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен ...