Әлемнің үздік 10 миллиардері бір күнде 14 млрд доллардан астам қаржы жоғалтты

Әлемдегі ең бай адамдардың ондығына кіретін 10 миллиардер бір күнде жалпы 14,4 миллиард долларынан айырылды. Бұл ретте алғашқы ондыққа енген 2 миллиардер ғана өз капиталын көбейте алған.

«Bloomberg Billionaires Index» индекстік рейтингінде, 26 қазандағы биржалық сауда нәтижесі бойынша Билл Гейтс 2,02 млрд, Бернард Арно 1,67 млрд, Уоррен Баффет 1,65 млрд, Мукеш Амбани 3,29 млрд, Стив Балмер 2,07 млрд, Ларри Пейдж 2,03 млрд және Сергей Брин 1,96 млрд доллар жоғалтқан.

Ал, Tesla және SpaceX-тің негізін қалаушы Илон Маск осы аралықта өз капиталын 2,88 млрд долларға арттырған болса, әлемнің ең бай адамы Джефф Безос 263 миллион доллаға байи түскен.

Миллиардерлер капиталының азайуы АҚШ-тың қор нарықтарындағы құлдыраумен байланысты болды. Атап айтқанда, Dow Jones индексі 2,3 пайызға, S&P 500 индексі 1,9 пайызға және Nasdaq индексі 1,6 пайызға төмендеген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тарту шаралары туралы

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Іс-шара барысында спикер ...

Шымкент вошел в тройку лидеров в республике по экономическому росту

Экономика города Шымкента стабильно растет в последние годы. Это результат системной работы, направленной на создание благоприятного инвестиционного климата. К примеру, ...