Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан жазылып шықты

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан айықты, — деп хабарлайды Xnews.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

«Жақсы жаңалығым бар. Бүгін Елбасының коронавирусты анықтауға тапсырған сараптамасы теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің кеңесі бойынша Нұрсұлтан Назарбаев оқшауланды, қашықтан жұмыс істеп жатыр және оған таза ауада серуендеу кеңес етілді», — деп жазды Айдос Үкібай.

Еске салайық, 18 маусымда Елбасының коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын. Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирусты анықтауға тапсырған сараптамасы оң нәтиже көрсеткен еді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*