Министрлік Covid-19 және пневмониямен ауыратындарға тегін дәрі-дәрмек таратуды тапсырды

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің әкімдіктеріне ауырып жатқан науқастарға тегін антибиотиктер мен қызуды түсіретін дәрілер жеткізу туралы тапсырма берді

Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Оның сөзінше, ведомство емханалардың бас дәрігерлерімен жиналыс өткізген.

Отырыс кезінде медициналық мекемелер қазақстандық науқастарға тегін дәрі-дәрмек бере алады деген шешім қабылданған. Бұл жіті вирустық инфекция мен пневмонияға байланысты амбулаториялық ем қабылдап жатқандар адамдарға қатысты.

Науқастарға міндетті медициналық сақтандыру аясында антибиотиктер мен температураны түсіретін дәрілер берілуі тиіс.

Дәрі-дәрмектерді жеткізу ақысыз болады. Оларды клиника жанындағы мобильді топтар тарату керек.

Бұндай бұйрықты Денсаулық сақтау министрлігі берген. Тиісті хаттар қала мен облыс әкімдіктеріне жіберілген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*