Хабиб Нурмагомедовтың әкесі өмірден өтті

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Абдулманап Нурмагомедов қайтыс болды. Суыт хабар жайлы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров хабарлады.

«Абдулманап Нурмагомедовтың дүниеден өткені туралы суыт хабар келді. Мен бүкіл шешен халқының атынан Абдулманап Магомедовичтің отбасына қайғырып көңіл айтамын! Ол артынан лайықты ұрпақ пен есімін қалдырып, арамыздан кетті! Бұл құдіретті Құдайдың қалауы, тағдыр осылай!

Біз Алладан өзінің құлын кешіріп, жәннаттан орын нәсіп етуін дұға етеміз. Алла оның жақындары мен туыстарына сабыр берсін. Барлығымыз Аллаға тиіспіз, ерте ме кеш пе барлығымыз соған қайтамыз», — деп жазды Қадыров өзінің Telegram арнасында.

Еске сала кетсек, сәуір айының соңында Абдулманап Нурмагомедов Дағыстанда ауруханаға түскені хабарланды. Алайда ауруханаға жатқызу себебі айтылмаған болатын. Кейінірек жаттықтырушыға пневмония диагнозы қойылғаны белгілі болды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Вторая группа казахстанских специалистов водной отрасли отправилась на обучение в Китай

На двухнедельные курсы в КНР отправились 30 человек. Ранее из соседней страны вернулась первая группа из 30 специалистов. В этом ...

Қазақстандық су саласы мамандарының екінші тобы Қытайға оқуға аттанды

Қытай Халық Республикасына екі апталық курстарға Қазақстаннан 30 маман аттанды. Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оралған ...