Хабиб Нурмагомедовтың әкесі өмірден өтті

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Абдулманап Нурмагомедов қайтыс болды. Суыт хабар жайлы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров хабарлады.

«Абдулманап Нурмагомедовтың дүниеден өткені туралы суыт хабар келді. Мен бүкіл шешен халқының атынан Абдулманап Магомедовичтің отбасына қайғырып көңіл айтамын! Ол артынан лайықты ұрпақ пен есімін қалдырып, арамыздан кетті! Бұл құдіретті Құдайдың қалауы, тағдыр осылай!

Біз Алладан өзінің құлын кешіріп, жәннаттан орын нәсіп етуін дұға етеміз. Алла оның жақындары мен туыстарына сабыр берсін. Барлығымыз Аллаға тиіспіз, ерте ме кеш пе барлығымыз соған қайтамыз», — деп жазды Қадыров өзінің Telegram арнасында.

Еске сала кетсек, сәуір айының соңында Абдулманап Нурмагомедов Дағыстанда ауруханаға түскені хабарланды. Алайда ауруханаға жатқызу себебі айтылмаған болатын. Кейінірек жаттықтырушыға пневмония диагнозы қойылғаны белгілі болды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Парижде қырғыз және қазақ жырауларын марапаттады

2025 жылғы 17 мамырда ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас штаб-пәтерінде тарихта алғаш рет қазақ және қырғыз жырауларының қатысуымен дәстүрлі импровизациялық поэзия дуэлі ...

Қазақстан ТЖМ делегациясы Австриядағы Rosenbauer зауытында болды

Қазақстан ТЖМ қызметкерлері өртке қарсы және құтқару техникасы саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі — Леондинг қаласындағы Rosenbauer компаниясының өндірістік алаңында болды. ...