UFC тарихындағы алғашқы қазақстандық қыз бірінші раундта жеңіске жетті

Қазақстандық файтер Мария Агапова UFC-дегі дебют кездесуін жеңіспен аяқтады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін Агапова Лас-Вегаста UFC Fight Night 172 турнирінде алғашқы кездесуін өткізді. Ол америкалық Ханна Сайферспен жекпе-жекке шықты, қазақстандыққа қарсыласы бір апта бұрын ғана тағайындалған. Өйткені, бастапқыда қарсылас ретінде жоспарланған бразилиялық Мелисса Гатто АҚШ-қа виза ала алмаған.

23 жастағы қазақстандық жекпе-жекті сергек бастап, қарсыласын бірінші раундта-ақ қылқындыру әдісі арқылы жеңді.

https://twitter.com/ufc/status/1271974561051967489

Агапова UFC-те дебют жасаған еліміздегі алғашқы қыз. Мұның алдында ол өзінің туған қаласы Павлодарға қайтып оралмайтынын мәлімдеген болатын.

https://www.youtube.com/watch?v=O0jl49juiNE

Tengrinews

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

«111» бірыңғай мемлекеттік байланыс нөмері іске қосылды

Назар аударыңыз! «111» бірыңғай мемлекеттік байланыс нөмері іске қосылды.   Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «АМАНАТ 111» бірыңғай ...

«Дауыс» Коалициясының байқаушылары барлық учаскелерде дауыс беру барысын бақылауға қатысты

«Дауыс» Коалициясының байқаушылары 6 қазанда еліміздегі барлық ашық дауыс беру учаскелерінде дауыс беру барысын бақылауға қатысты. Барлығы тоғыз жарым мыңға ...