Тоқаев: ТЖ режимі тоқтаған соң біз босаңсып кеттік

Қазақстан президенті «Біз біргеміз» онлайн форумындағы бейнеүндеуінде қазақстандықтар ТЖ режимі тоқтаған соң босаңсып кеткенін айтты. Оның сөзінше, әлдекімдер, тіпті, аурудың жоқтығы жайлы қауесетке сене бастаған, деп хабарлайды Xnews.

«ТЖ режимін тоқтатқан соң біз босаңсып кеттік. Мұны мойындау керек. Кейбір азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлер нағыз қауіпті сәт артта қалды деп ойлады. Қауіп-қатерді жеткілікті түрде бағаламады, медициналық ережелерді сақтамады. Ал кейбір азаматтар бұл ауру жоқ деген қауесетке сене бастады.

Бірақ, COVID-19 бұрынғыдай қауіп төндіріп отыр, сондықтан үкімет карантин шараларын қайта күшейтті. Дегенмен, бұл күйзеліске ұшырауға себеп емес. Біз толық тіршілікпен өмір сүруді бастауымыз керек.

Әлем бойынша адамдар карантинде жанұяларымен қарым-қатынасын нығайтқанын, балаларына уақыт көп арнап жүргенін жеткізіп жатыр. Суретшілер, музыканттар мен ақындар шығармашылықпен жемісті айналысқанын айтады. Басқа сөзбен айтқанда, кез келген нашар жағдайдан пайда табуға болады. Әр дағдарыстың жаңа мүмкіндіктері бар. Біз бұл кезеңнен де өтеміз»,- деді Тоқаев.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Электронные цифровые надписи: какие возможности есть у казахстанцев

В Казахстане в рамках программы «Digital Justice» реализуется ряд мер по цифровизации основной деятельности. Она направлены на повышение качества и ...

Электронды цифрлық атқарушылық жазбалар: қазақстандықтарға қандай мүмкіндіктер беріледі

Елімізде «Digital Justice» жобалар протфелі шеңберінде азаматтардың қаржылық шығынын және уақытын үнемдеу, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін негізгі қызметтерді ...