Тоқаев Мәскеудегі әскери парадқа қатысты

Қазақстандық десантшылар Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты шеруге қатысты. Әскерилер Мәскеудегі Жеңіс шеруінде Қызыл алаңмен жүріп өтті, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Nur.kz порталына сілтеме жасап.

Шеруге подполковник Ұлан Нұрғазиев бастаған 36-шы ДШБ әскерилері қатысты.

Сонымен қатар, салтанатты шеруге Армения, Беларусь, Үндістан, Молдова секілді өзге де мемлекеттердің әскерлері қатысты.

Үндістандық сарбаздар қазақстандықтардың алдында жүріп өтті. Салтанатты шараның көрсетілімін бірнеше телевизиялық арналар ұсынды.

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Facebook парақшасында мәлім еткендей, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде парадқа қатысқан қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетіп, орнынан тұрды.

Салтанатты шеруде 13 мыңнан астам әскери қызметші, 216 әскери техника және әртүрлі 75 әскери ұшу аппараты сап түзеді.

Қызыл алаңнан 53 жаяу әскер колоннасы, ТМД елдері және басқа да шет мемлекеттердің қарулы күштерінен құралған 13 топ салтанатты түрде сап құрап өтті. Аталған шараға Қазақстан Республикасының атынан десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінің 55 сарбазы қатысты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымына кіруге өтінім берді

Қазақстан бокс федерациясы ұзақ талқылаулар мен сараптаманың нәтижесінде маңызды шешім қабылдады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстан World Boxing ...

Г.Головкин World Boxing жаңа олимпиадалық комиссиясының төрағасы болып сайланды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. ...