Тоқаев Елбасының коронавирус жұқтыруына байланысты пікір білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының коронавирус жұқтыруына байланысты пікір білдірді.

«Өкінішке қарай, к/вирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін.», — деді Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.  

Еске салайық, бүгін, 18 маусымда Тұңғыш Президент Елбасының коронавирусты анықтауға тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткені белгілі болды. 

Елбасының баспасөз хатшысы алаңдауға еш негіз жоғын хабарлады. 

«Қазіргі уақытта Қазақстанның Тұңғыш Президенті оқшауланды. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирусты анықтауға тапсырған соңғы сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға себеп жоқ. Назарбаев қашықтан жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламада.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*