«Сізбен серіктес болуға дайынбыз»: Дональд Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады

АҚШ Президенті Қазақстанда қолға алынған реформаларды қолдайтынын айтып, екі ел арасындағы стратегиялық байланысты одан әрі дамыта беруге ниетті екенін жеткізген.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына кіріскеніне бір жыл толуына орай құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімет таратты.

«Америка халқының атынан алдағы уақытта Қазақстандағы бейбітшілікті, өсіп-өркендеу мен қауіпсіздікті одан әрі нығайту жолындағы еңбегіңізге толағай табыстар тілеймін. Сонымен қатар COVID-19 індетінің таралуына қарсы қабылдаған жедел шараларыңызға оң баға бергім келеді. Пандемияны тоқтату және COVID-19 індетінен кейінгі кезеңде экономиканы қалпына келтіруде біздің бірлескен күш-жігеріміз маңызды болып қала бермек» делінген жеделхатта.

Сонымен қатар АҚШ Президенті Қазақстанда қолға алынған реформаларды қолдайтынын айтып, екі ел арасындағы стратегиялық байланысты одан әрі дамыта беруге ниетті екенін жеткізген.

«Сіздің саяси жаңаруға бағытталған реформалық, өршіл бағдарламаңыз ерекше мақтауға лайық. Халықтың Үкіметке деген сенімін арттыру, гүлденген және серпінді қоғамның негізгі іргетасы саналатын бостандықтарды қорғауды күшейту бойынша алға қойған мақсаттарыңызды Америка Құрама Штаттары қолдайды. Біз кеңейтілген стратегиялық әріптестігіміздің аясында осы бастамаларды іске асыруда әрдайым Сізбен серіктес болуға дайынбыз, – деді Дональд Трамп.

Содай-ақ Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, сәттілік пен игілік тілеген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Глава государства назвал Китай добрым соседом и проверенным временем надежным стратегическим партнером Казахстана

По его словам, отношения между нашими странами носят устойчиво стабильный характер и не подвержены негативному влиянию геополитических вызовов и потрясений, ...

Президент Қытайды Қазақстанның тату көршісі және уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктесі деп атады

Мемлекет басшысының айтуынша, екі елдің қарым-қатынасы тұрақты сипатқа ие әрі оған геосаяси сын-қатерлер мен дүрбелеңдер, сондай-ақ халықаралық ахуал теріс әсер ...