Шымкентте өкпесіне суық тиіп, жедел жәрдем шақырған науқастар күрт көбейді

Шымкентте өкпесіне суық тиіп, жедел жәрдем шақыртқан науқастар саны күрт көбейіп кетті. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімет таратты.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қаладағы эпидемиялогиялық қолайсыз жағдайға байланысты жедел жәрдемге түсетін қоңыраулардың саны өскен. Бүгінде 103 қызметіне күніне орта есеппен 1800-2000 қоңырауға дейін келіп түседі.

«Шақыртулардың басым бөлігі — ЖРВИ, пневмония сынды инфекциялық аурулар. ЖРВИ диагнозымен ауруханаға жатқызу — 2 есе (2019 жылғы маусым – 124, 2020 жылғы маусым – 260), пневмония диагнозымен — 7,2 есе (2019 жылғы маусым-18, 2020 жылғы маусым -130) өскен. Инфекциялық аурулардың артуына байланысты қалада 1420 төсек-орын ашылды. Оның ішінде 690 орын инфекциялық, 290-карантиндік, 440-провизорлық төсек-орын ашылған. Осының есебінен орын жетіспеу проблемасы реттелмек. Сондай-ақ, 22 өкпені жасанды желдету және 38 монитор аппараты қосымша орнатылған. Бұған қоса, 27 маусымға дейін 40 өкпені жасанды желдету аппараты орнатылады деп жоспарлануда» делінген хабарламада.

Басқарманың мәліметінше, науқастардың ауру жұқтыр көрсеткішінің артуына сақтық шараларының тиісті деңгейде сақталмауы себеп болған.

Тұрғындардың басым бөлігі әлі де арақашықтықты сақтау, қол гигиенасы мен маска тағу сынды сақтық шараларын елемей отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан: Қалалық сот төрағасы тағайындалды

Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қалалық сотының төрағасы Лебаев Әділбек Ғұламұлын таныстырды. Сондай-ақ, Президенттің 2025 жылғы 10 ақпанындағы №778 ...

Түркістан облысында экологиялық мәдениетті арттыруға арналған «Бұл сенің туған өлкең» акциясы жүзеге асады

Бүгін Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығында «Жасыл ел» жастар ұйымының мүшелері мен белсенді жастар бас қосып, жылдық жоспарды талқылады. Жоспарға ...