Шымкентте карантин режимін бұзған 32 нысан анықталды

Шымкент қаласында карантинді сақтау бойынша мобильді топ рейд жүргізіп, 3 мыңға жуық нысанды тексерген. Оның ішінде 32 нысан иесінің карантин талаптарын бұзғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, мобильді топқа қала әкімдігі, тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, қалалық ПД және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жергілікті филиалының қызметкерлері кірген.

20-21 маусым демалыс күндері мониторинг топтары карантин талабына бағынбаған нысан иелеріне әкімшілік хаттама толтырған.

Ал жұмысын заңсыз жүргізіп отырған нысандардың қызметі уақытша тоқтатылды.

Қауіпті инфекциядан сақтану бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасуда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

«Жетісай» индустриалды аймағында 2 мыңға жуық жұмыс орнымен 11 жоба іске қосылады

Жетісай ауданында өңір кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында Асықата кентінен 59 гектар жер аумағына «Жетісай» индустриалды аймағы құрылған болатын. Қазіргі ...

Жетісайда биыл заманауи теннис орталығы ашылады

Жетісай ауданында жеке кәсіпкердің инвестициялық қаржысы есебінен ірі медициналық орталық бой көтерді. Асықата кентінде бой көтеріп жатқан «Samruk Medical clinic» ...