Macro view of two silver keys with red house figure on the white background

Шымкентте қала күніне орай тұрғын үй кезегінде тұрған 90 азамат баспаналы болды

Бүгін Шымкент қаласының 90 тұрғынына жаңа пәтердің кілті табысталды. Пәтерге қол жеткізгендердің қатарында ҰОС ардагері Халил Ергешов та бар. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қуаныш иелерін карантин режиміне байланысты онлайн құттықтады.

«Ұлы Отан соғысында бейбіт заман үшін барын берген Сіздей батырдың бүгін қоныс тойын тойлайтынына қуаныштымын. Өзіңізді шын жүректен құттықтаймын! Өкінішке орай, әлемді жайлаған аты жаман індет басылмай тұр. Сол себепті, сақтық шараларын сақтау үшін сізді онлайн құттықтауға тура келді»- деді қала басшысы.

Қала күні қарсаңында баспаналы болғандар қатарында 65 көпбалалы отбасы, әлеуметтік аз қамтылған 24 жанұя бар. Жалпы жыл соңына дейін тағы 1 144 пәтер беріледі деп жоспарланып отыр. Оның 300-і жұмыс істеп жүрген жастарға, 450 пәтер көпбалалы отбасыға, 192-сі әлеуметтік аз қамтылған жанұяға беріледі.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*