Шымкент әкімдігінде шағын аудандарды сапалы интернетпен қамту мәселесі қаралды

Еліміздің үшінші мегаполисін сапалы интернетпен қамту жайы күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында әкім әр он күн сайын осы салаға жауапты мамандардың басын қосып, интернет сапасын жақсарту шаралары қалай жүргізіліп жатқанын пысықтауда, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Қашықтан оқу барысында ата-аналардан интернет сапасының нашарлығы туралы көптеген шағымдар келіп түскенін айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы төтенше жағдай кезінде қала аумағы сапалы интернетпен қамту мен жылдамдығын күшейту мәселесі әлі күнге шешілмегенін көрсетті деді.

Осы ретте, әкім интернет желісінің жұмыс істеу сапасын жақсарту мақсатында, байланыс операторларымен бірлесе, байланыс желісінің сапасы төмен жерлерді анықтап, өлшем жұмыстарын жүргізуді және сапасы нашар қамтылған аймақтарда қосымша базалық стансаларды орнату бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі келесі басқосуға дейін интернетпен қамту мәселесі бойынша 5 және 10 жылдық даму жоспарын дайындауды тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Депутаттар облыстық жинақтау бекеті мен аумақтық қорғаныс бригадасының жұмысымен танысты

Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес маусым айында өтетін сессияда облыстық жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық ...

Түркістан облысында жұмысшы мамандықтарға мемлекеттік грант көлемі артады

Бүгінде Түркістан облысындағы колледждерде жаңа мамандықтарды енгізу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Осы ретте, мемлекеттік гранттар нақты қажетті мамандықтарға бөлінбек. Өңірде ...