Үндістан Қытайға қарымта соққы жасауға дайын

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қажет болған жағдайда Қытайға қарымта соққы жасауға дайын екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Republic World.

Нарендра Моди Қытайға үндеу жасап, Үндістан өз аумағын қорғайтынын және қажет болса, қарымта соққы жасайтынын білдірген. 

Embedded video
Модидің үндеуін ANI порталы Twitter желісінде жариялады

«Біз еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қайшы келмейміз. Үндістанның тұтастығын қорғауға келгенде күшімізді көрсетеміз. Біздің әскери күштеріміз қабілетімізді дәлелдеді. Ерлік пен батылдық — дәстүріміздің бір бөлігі. Адамдардың қазасы бекер болмайды», — деді премьер-министр.

Еске салайық, Галван аумағындағы Үндістан мен Қытай арасында қақтығыс болып, үндістандық 20 әскери қызметкер қаза тапқан еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*