Елбасы коронавирус жұқтырды

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталды. Елбасы өз-өзін оқшаулау режиміне көшкен. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды Xnews.

Тұңғыш президенттің жағдайы туралы ақпарат Елбасы сайтында да пайда болды.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның Тұңғыш президенті өз-өзін оқшаулап жатыр. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға себеп жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламада.

18 маусымдағы таңғы жағдай бойынша Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 15877-ге жетті, 6831 адам симптомсыз науқастар болса, 100 адам қайтыс болды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*