Қарағанды облысында пойыз 21 бас қойды басып кетті

Азаматтардың бейқамдығы және үй малдарын теміржол бөлігіне жіберуі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Теміржол аса қауіпті аумақ болып саналады, бұл жөнiнде көлік полицейлері үнемі ескертіп отырады, — дедi Көліктегі полиция департаментi бастығының орынбасары Нұржан Алибаев.

Оның айтуынша, пойыздың малды басып кетуі салдарынан жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне, адамдар жарақаты сияқты ауыр жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін.

Полиция мәліметінше, 17 маусымда Новалы — Сары Шаған жолында жолаушылар пойызы 21 бас қой табынын қағып кетті.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде үй жануарларының иесі анықталды, Қарағанды облысы Сарышаған кентінің 30 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБК 559-бабының 1-бөлімі бойынша), темір жолға бөлінген алқапта мал бағу үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

«Көлік полицейлері тағы да қадағалаусыз жүрген малдың пойыз қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін ескертеді. Тәртіп сақшылары азаматтардан теміржол нысандарында жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды, сондай-ақғ теміржол өтетін елді мекендердің барлық тұрғынына үй жануарларын жаю ережелерін сақтауды және олардың теміржол маңында жүруге жол бермеуді сұрайды», — делінген хабарламада.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

«Дауыс» Коалициясының байқаушылары барлық учаскелерде дауыс беру барысын бақылауға қатысты

«Дауыс» Коалициясының байқаушылары 6 қазанда еліміздегі барлық ашық дауыс беру учаскелерінде дауыс беру барысын бақылауға қатысты. Барлығы тоғыз жарым мыңға ...

Алдын ала қорытынды: Референдумға 7,8 млн қазақстандық қатысты

Алдын ала қорытынды: 7 млн 820 мың 918 адам: Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы таңдау жасаған Аймақтар бойынша ...