Өзбекстанда дамба жарылды. Тұрғындар көшіріліп жатыр

1 мамыр күні таңертең Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасындағы дамба жарылды. Құтқарушылар жақын маңда орналасқан тұрғындарды көшіріп үлгерген.

Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлағандай, жергілікті тұрғындардың бірінің айтуынша, төтенше жағдайлар министрлігінің, ішкі істер органдарының және Ұлттық гвардия қызметкерлері таң атпай халықты оятып, көшуге шақырған.

– Таңғы сағат 6-да кенеттен айқай басталды. Көшелерде милиция қызметкерлері «Тұрыңдар, көшіңдер, Сардоба су қоймасындағы дамба жарылды» деп айқайлап жүрді. Біздің үй су қоймасынан бір шақырым жерде орналасқан. Бірден құжаттарды алып, далаға шықтық. Елдің бәрі дүрбелеңге түсіп, көліктеріне отырып, қашып жатыр, біз де қаштық. Су гүрілдеп бірден басып қалды, біз көлікпен шығып үлгердік. 1 және 1А ауылы толық судың астында қалды, – деді ол.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Қазақстан мен Ислам даму банкі инфрақұрылымдық жобалар бойынша ниеттер туралы хаттамаға қол қойды

Джидда қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі – ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Нұрлан Байбазаровтың Ислам даму банкінің (ИДБ) президенті Мұхаммед Сүлейман әл-Джассермен ...

ЕАЭС расширяет маркировку

8 июля на очередном заседании Совета Евразийской экономической комиссии (ЕЭК), прошедшем в онлайн-формате, был принят ряд важных решений. Казахстанскую делегацию ...