Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Xnews Ақордаға сілтеме жасап.

«Құрметті отандастар! 

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке қасиетті жерімізді мекендейтін әр адам үшін аса қымбат.  

Егемен еліміздегі барлық этникалық топ өкілдері біртұтас Қазақстан халқын құрайды. Біз достық пен ынтымақтың, татулық пен тұрақтылықтың арқасында зор жетістікке жеттік.      

Бейбітшілік пен қоғамдық келісім — баға жетпес байлығымыз. Бұл құндылықтар Тұңғыш Президентіміз — Елбасы Н.Ә.Назарбаев негізін қалаған жаңа Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдарының өзегіне айналды.

Біз бір ел, біртұтас халық болып тәуелсіздігімізді нығайттық. Халықаралық қоғамдастықтағы абырой-беделімізді арттырдық. 

Биылғы Бірлік күнінің мән-маңызы ерекше. Бүгінде Қазақстан бүкіл әлемге тараған коронавирус пандемиясымен күресуде. Жаһандық экономикалық дағдарыстың салдарын халқымыз да сезініп отыр. 

Біздің бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ, рухымыз асқақ. Соның арқасында кез-келген қиындықты жеңіп, жасампаздық пен өрлеу жолында жаңа белестерді бағындырамыз деп сенемін.

Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін! 

Біз біргеміз!», — делінген құттықтауда.  

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Год рабочих профессий: объявлено о запуске новой жилищной программы для технических специалистов «Наурыз жұмыскер»

В рамках инициированного Главой государства Года рабочих профессий Правительством принимаются меры поддержки технических специалистов, сообщает Primeminister.kz. По поручению Премьер-министра Олжаса ...

Жұмысшы мамандықтары жылы: техникалық мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланды

Үкіметте Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдануда, деп хабарлайды Primeminister.kz. Премьер-Министр Олжас Бектеновтің ...